Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы N 581 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 ақпанда N 2876 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 25.12.2013 N 208 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: ауданның ауылдары мен кенттерінің аумақтарын көрiктендiру және жинау.
      2. Ауылдық округтер және кенттер әкімдері Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйе департаментінің № 1 Ұлан аудандық қылмыстық атқару инспекциясы бөлімімен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Ибраевқа жүктелсiн.
 

      Ұлан ауданы әкімі                          С. Туленбергенов

      Келісілді:

      ШҚО бойынша ҚАЖД № 1
      Ұлан аудандық қылмыстық
      атқару инспекциясы бөлімінің
      бастығы                                    Ж. Канафин

      18 қаңтар 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады