Ақшоқы ауылдық округінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 мамырда N 2965 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 17 маусымдағы N 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 17.06.2013 N 4 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекция бастығының 2013 жылдың 13 мамырдағы № 429 ұсынысының негізінде Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ақшоқы ауылдық
      округінің әкімі                            Ы. Саржанов

      Келісілді:

      ҚР ауыл шаруашылық министрлігі
      ветеринариялық бақылау және қадағалау
      комитетінің Үржар аудандық аумақтық
      инспекциясы бастығы                        С. Садвакасов

      21 мамыр 2013 жыл

      Үржар ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы                          Ж. Жүрсімбаев

      21 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады