Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 13-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 қазанда № 3352 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  А. Иманғалиев
      Облыстық мәслихат хатшысы        М. Құлшар

2013 жылғы 10 қазандағы № 13-4
Батыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
шешімімен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының
(қаланың, ауданның)
Құрмет грамотасымен
наградтау туралы
Ереже

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтаудың тәртібін белгілейді.
      Батыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді органдары Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының және шет елдердің, облыстың (қаланың, ауданның) жеке және заңды тұлғаларының қоғамға сіңірген еңбегін бағалау мақсатында Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасын тағайындайды.
      Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) азаматтары экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, әскери және қоғамдық, мемлекеттік қызметте, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтуды іске асыруда табысты еңбек еткен, қайырымдылықпен айналысатын және облыстың (қаланың, ауданның) алдында өзге де елеулі жетістіктері үшін олардың облыстың (қаланың, ауданның) алдында сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградталады.
      Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен Батыс Қазақстан облысына (қалаға, ауданға) еңбек сіңірген шет ел азаматтары да наградталуы мүмкін.
      Құрмет грамотасымен шығармашылық ұжымдар халықтар арасындағы мәдени байланыстарды, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпалын тигiзген гастрольдiк сапарларының нәтижелерi бойынша наградталуы мүмкiн.
      Толық атауы:
      қазақ тілінде: Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы;
      орыс тілінде: Почетная грамота Западно-Казахстанской области (города, района).
      2. Құрмет грамотасы екі бетте қатты қалың қағаздан жасалады. Құрмет грамотасының алғашқы бетінің жоғарғы жағына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді және "Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы" деген сөз мемлекеттік тілде жазылады.
      Құрмет грамотасының сол жақ және оң жақ бетін аударғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бейнеленіп, оң жақ бетінің жоғарғы жағына мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деген жазу жазылады және оң жақ бөлігіне наградталатын адамның мемлекеттік тілдегі аты-жөні, тегі, сіңірген еңбегін жазу үшін арнайы орын қалдырылады. Құрмет грамотасы алғашқы бетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көгілдір папкаға салынады.
      3. Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыстың (қаланың, ауданның) әкімінің ұсынуымен облыстың (қаланың, ауданның) тиісті мәслихаттарымен сессияда қабылданады.
      4. Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасы облыстың (қаланың, ауданның) әкімімен немесе оның орынбасарларымен, облыстың (қаланың, ауданның) мәслихат хатшысымен салтанатты жағдайда табыс етіледі.
      Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтауға үміткерлер бойынша ұсыныстарды еңбек ұжымдары, өндіріс орындары, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, қоғамдық ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұсынады.
      5. Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау үшін Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) әкімі аппаратына немесе Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) мәслихатының аппаратына келесідей құжаттар ұсынылады:
      1) еңбек ұжымының қолдау хаты, (қоғамдық ұйымдардан, өзін-өзі басқару органдарынан);
      2) заңды тұлға үшін – ұсыныс, (жергілікті атқарушы немесе жергілікті өкілді органдардан);
      3) қолдау хатқа немесе ұсынысқа Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) дамуына сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі көрсетілген мінездеме жалғануы тиіс.
      6. Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi келіп түскен құжаттар, ұсыныстарды алдын ала қарап, дайындау үшiн облыс (қала, аудан) әкімдігі жанынан құрылған награда жөніндегі комиссияның отырысына жолданады.
      7. Наградтау жөніндегі құжаттар Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы және жергілікті өкілді органдарында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады