Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің Аяққол қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 3278 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылдық округі әкімінің 31.05.2013 № 14 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 15 ақпандағы № 36 ұсынысы негізінде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің Аяқкөл қыстағы аумағында құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Сырым ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қособа ауылдық округ
      әкімінің міндетін атқарушы       К. Шарифуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің
      Сырым аудандық аумақтық
      инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Б. Ж. Бисенғали
      03.04.2013 ж.

      «Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      Сырым ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Қ. Ғинаятұлы
      03.04.2013 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады