"Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 наурызда № 9188 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 27.04.2017 № 484 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 қарашада "Казахстанская правда" газетінің № 303-305 (26364-26366) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықта:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сот-психиатриялық сараптама қызметінің субъектілеріне:

      сот-психиатриялық сараптама органының басшысы,

      комиссиялық сот-психиатриялық сараптаманы өндіру кезінде жетекші сот-психиатриялық сарапшы;

      сот-психиатриялық сарапшы немесе лицензия негізінде сот-психиатриялық сараптаманы өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жатады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сот-психиатриялық сараптама өндіру мерзімін ұзарту сот-психиатриялық сараптама басшысының уәждеу қолдаухаты бойынша немесе осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сот-психиатриялық сарапшылар) тек мына ерекше жағдайларда жүргізеді:

      1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның оны жүргізу үдерісі кезінде психикалық жай–күйінің күрт өзгеруі;

      2) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның оны жүргізу үдерісі кезінде тәни жай–күйінің күрт өзгеруі;

      3) сот-психиатриялық сараптаманы өндіру үдерісінде қосымша зерделеуді талап ететін және сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысына елеулі ықпал ететін жаңа жағдайлардың пайда болуы кезінде.".

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сот-психиатриялық сарапшылардың зерттеу нәтижелері бойынша "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша сот-психиатриялық сараптама қорытындысын жасалады, оны өздерінің жеке қолымен және жеке мөрлерімен куәландырады.

      Сот-психиатриялық сараптаманы сот-психиатриялық сараптама органы өндірген жағдайда сот-психиатриялық сарапшылардың қолы, көрсетілген органның мөрімен расталады.".

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қорытындыны берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, онда:

      оның ресімделу күні, сот-психиатриялық сараптаманы өндіру мерзімдері және орны;

      сот-психиатриялық сараптаманы өндіру негіздері;

      сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер;

      сот-психиатриялық сараптаманы өндіру тапсырылған сот-психиатриялық сараптама органы және (немесе) сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі);

      көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертілгені жөнінде сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі;

      сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар;

      сараптамалық зерттеу үшін ұсынылған объектілер;

      сот сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін болмауының негіздемесі көрсетіледі.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 4-қосымша алынып тасталсын;

      көрсетілген Нұсқаулыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

С. Қайырбекова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 53 бұйрығына
1-қосымша
Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
нысан

      _____________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрісінің мерзiмін ұзарту туралы
өтiнiшхат _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетінін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ____________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініңcf1 ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" _____________________________________________________________________

      (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _______________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сот-психиатриялық сараптаманың өндiрiсі мерзiмін ұзарту себептері болатын ерекше жағдайлар:

      1) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процесiндегi психикалық жай-күйiнің күрт өзгеруі: ___________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (психикалық жай-күйінің қысқаша сипаттамасы)

      2) сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның өндiрiс процесiндегi психикалық жай-күйiнің күрт өзгеруі: ___________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тәни жай-күйінiң қысқаша сипаттамасы)

      3) Сарапшының сот-сараптамалық өндiрiсiнiң қорытындысына елеулі әсер ете алатын қосымша зерттеуді талап ететін жаңадан ашылған мән-жайлардың (дәрiгерлiк құжаттама, iстiң жағдайы) айғақтардың пайда болуы: ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нақты ашылған мән-жайларды көрсету)

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар) _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 53 бұйрығына
2-қосымша
Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
нысан

      _____________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама өндiрісінің мерзiмін тоқтата тұру
туралы хабарлама

      ____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетінін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ___________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініңcf1 ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____"

      _____________________________________________________________________

      (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      __________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмiн тоқтата тұру себептерi: __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар)

      _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 53 бұйрығына
3-қосымша
Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
нысан

      _____________________________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысын
беру үшін қажетті қосымша материалдарды ұсыну туралы
өтінішхат _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "___" ____________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған тұлғаның

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" __ (қаулы, сот-психиатриялық сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________

      сәйкес шешіледі.

      Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар сот-психиатриялық сарапшылардың қорытындысын беру үшін қажетті қосымша материалдардың тiзбесі: _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сараптама органының басшысы / сот-психиатриялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшы (сарапшылар)

      _____________________________________________________________________

      Басшының тегі/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      мөр орны

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 31 қаңтардағы
№ 53 бұйрығына
4-қосымша
Сот-психиатриялық сараптаманы
өндіру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
нысан

      __________________________________________________

      (Сот-психиатриялық сараптаманы өндіру орны)

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысын берудің мүмкiн болмауы
туралы хабарлама _____________________________________________________________________

      (сот-психиатриялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетін

      орган (тұлға)

      20 ___ жылғы "______" ________

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсінің мерзiмi:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейiн.

      Сот-психиатриялық сараптама өндiрiсiн ұзарту мерзiмі:

      20__ жылғы "___" ______ бастап 20__ жылғы "___" ________ дейiн.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініңcf1 ___ бабы бойынша сезiктi, айыпталушы немесе куәгер, жәбiрленушi, талапкер, жауапшы болып табылатын оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалған адамның

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), туған жылы)

      оған қатысты сұрақ 20 __ жылғы "____" __ (қаулы, сот-психиатриялық

      сараптама тағайындаған органның немесе тұлғаның қаулысы, ұйғарымы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      сәйкес шешіледі.

      Сарапшылар туралы мәліметтер:

      1) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      2) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      3) __________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық

      мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми

      атағы, лауазымы)

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабы бойынша көрнеу жалған қорытынды бергені үшін немесе қорытынды беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді:

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Сот сарапшысының (сарапшыларының) шешуiне қойылған сұрақтар:

      1.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________;

      2.___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________;

      3.___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________.

      Сарапшылық зерттеулер үшін ұсынылған объектілер:

      1.___________________________________________________________________

      __________________________________________________________;

      2.___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________;

      3.___________________________________________________________________

      __________________________________________________________.

      Сот-психиатриялық сарапшының (сарапшылардың) алдында қойылған

      сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауы жөнінде негіздеме:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот-психиатриялық сарапшылардың / сот-психиатриялық сараптама

      органының қызметкері болып табылмайтын сот-психиатриялық сарапшының

      (сарапшылардың) қолдары:

      жетекші сарапшы:

      _________________________________________ _______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      комиссия мүшелері:

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады