"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 наурызда № 9214 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 (28211) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:
      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген қалған сомаға мынадай санда кепілдік шарт(тар)ы жасалады:
      1) академиялық оқуға жіберілген Стипендиаттар үшін оқу құнын жетпіс пайыздан аса кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – бір кепілдік беруші; оқу құнын елу пайыздан жетпіс пайызға дейін кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – екі кепілдік беруші; оқу құнын отыз пайыздан елу пайызға дейін кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – үш кепілдік беруші; оқу құнын отыз пайыздан кем кепілзаттық қамтамасыз етумен жабу кезінде – төрт кепілдік беруші;
      2) тағылымдамадан өту үшін жіберілетін Стипендиаттар үшін – екі кепілдік беруші.»;
      11,12,13,14-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Академиялық оқуға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін оқу құнын кепілдік қамтамасыз етумен жабу пайызына қарамастан кез келген кепілдік беруші саны (бірден төртке дейін) шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылады.
      12. Тағылымдамаға жіберілетін және ауылдық аумақтарда соңғы 6 (алты) ай ішінде тұратын және жұмыс істейтін Стипендиаттар үшін шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде кез келген кепілдік берушілер саны (бірден екіге дейін) ұсынылады.
      13. Жұмыс берушінің анықтамаларымен және зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжаттармен (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба) расталған соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты еңбекақысы бар Қазақстан Республикасының 50 (елу) жасқа дейінгі азаматтары кепілдік беруші бола алады.
      14. Осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесіне сәйкес кепілдік шартын жасау жүзеге асырылады.»;
      42-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Ақыны растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы стипендиямен байланысты келесі төлемдерді есептеу кезінде Қоғамның ұстауына жатады. Бұған қоса, келесі төлемдер болмаған жағдайда, аванс сомасы төлеу бойынша аванс аударылған күннен бастап бес ай ішінде Стипендиаттың Қоғамға өтеуіне жатады.»;
      көрсетілген қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М. Төлеков):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 25 ақпандағы  
№ 55 бұйрығына қосымша   

Стипендиаттармен             
оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт     
жасасу, стипендиаттарды орналастыруды  
жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім  
мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге   
асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін  
орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған 
кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар   
даярлау жөніндегі республикалық комиссия   
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау
туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық
төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа
жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларына    
3-қосымша                 

Кепілдік шарт жасау үшін құжаттар тізбесі

      1. Кепілдік берушінің жеке куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмесі).
      2. Кепілдік берушінің лауазымы, жұмысқа қабылдау күні мен кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстары туралы көрсетілген жұмыс орнынан анықтамасы (анықтамалар).
      Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар кепілдік беруші ретінде болған жағдайда: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі); кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) ай ішіндегі табыстар алғанын растайтын құжаттар.
      3. Кепілдік шартын жасау алдындағы соңғы күнтiзбелiк 12 (он екі) айға зейнетақы аударымдары төлемдерін растайтын құжаттар (оның ішінде зейнетақы қорынан жазба). 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады