"Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 наурызда № 9281 тіркелді

      «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 тіркелген, 2006 жылғы 17 тамыздағы № 150(956) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Ішкі бақылау, нақты сектор бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      Орынбасары - Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                  Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Премьер–Министрінің  
Орынбасары – Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 75 бұйрығына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 бұйрығымен 
бекітілген    

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарына (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтық өкілеттігін ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.

2. Аккредиттеу жүргізу тәртібі

      3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін ұсынады:
      уәкілетті органға:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың ақпараттар тізбесі.
      4. «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz және «Е-лицензиялау»: www.elicense.kz веб-порталдары арқылы (бұдан әрі – портал) кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін ұсынады:
      1) кәсіби ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың ақпараттар тізбесі.
      5. Кәсіби аудиторлық ұйым аккредиттеу кезінде мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      Кәсіби аудиторлық ұйымдардың басқару органы аудиторлар – соңғы бес жылдың үш жылы ішінде қаржылық ұйымдардың аудиті саласында жұмыс тәжірибесімен саны кемінде үш аудитор болатын кәсіби аудиторлар ұйымының мүшелері санынан қалыптасады.
      Кәсіби аудиторлық ұйымдардың мынадай:
      1) сапасын бақылау бойынша;
      2) аудит және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша;
      3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;
      этика мәселелері бойынша;
      дауларды қарау бойынша жұмыс органдары (комитеттері) бар.
      Кәсіби аудиторлық ұйымдардың сондай-ақ қалауы бойынша басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мұмкін.
      6. Кәсіби ұйымдардың құжаттарын қарау (өтінішті қабылдаған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі бес жұмыс күнін құрады.
      7. Өтінішті (сұрау салуды) қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу туралы (қағаз немесе электрондық түрде) куәлікті береді.
      8. Уәкілетті орган дәйексіз мәліметтерді ұсынған және Заңның 10-бабының 4-тармағының талабына сәйкес келмеген жағдайда кәсіби ұйымды аккредиттеуден бас тарту туралы уәжделген жауап шығарады.
      9. Уәкілетті орган аккредиттеуге өтініш (сұрау салу) түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген өтінішті (сұрау салуды) және мәліметтер нысанын толтыру толықтығын тексереді. Өтініштің (сұрау салудың) және мәліметтер нысанының дұрыс ресімделмеу фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті (сұрау салуды) бұдан әрі қараудан бас тарту туралы уәжделген жауапты береді.
      10. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жұмыс істейді және уәкілетті орган жүргізетін аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімінде міндетті тіркеуге жатады.
      Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс істеу мерзімі шектелмей беріледі.
      11. Уәкілетті орган кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәліктің бланкісін жасауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
      12. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім шығарған сәттен бастап Заңның 12-бабында көзделген негіздер бойынша кәсіби ұйым он күндік мерзімде куәлікті қайтарады.
      13. Кәсіби ұйым уәкілетті органның шешіміне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
      14. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны уәкілетті органның сайтына орналастырады.
      Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімі өзгерген жағдайда өз интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты өзгеріс туралы ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңартады.

«Кәсіби аудиторлық ұйымды 
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
1-қосымша         

нысан

Өтiнiш
_____________________________________________________________________
(кәсіби ұйымның толық атауы, БСН)
________________________ кәсіби аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн

__________________________ аккредиттеудi (қайта ресімдеуді) сұраймын.

Орналасқан жерi: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Кәсiби ұйымның
басшысы               _____________ __________________
                          (қолы)         (Т.А.Ә.)

М.О. _______________________
             (күні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін.

20___ж. «___» __________________________________

«Кәсіби аудиторлық ұйымды 
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына    
2-қосымша         

нысан

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар туралы мәліметтер

Мүшелер _____________________________________________________________
           (аудиторлардың кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі, БСН)

№ 1-кесте

Р/с №

ЖСН

Аудитордың Т.А.Ә.

Тұрғылықты жерінің мекен жайы, телефоны

Білік
тілік куәлігінің нөмірімен берілген күні

Кәсіби ұйымға өту күні

Аудиторлардың кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы)

1

2

3

4

5

6

7

8

















№ 2-кесте

Р/с №

БСН

Аудиторлық ұйымның атауы

Заңды
мекен
жайы, мем.
тіркеу туралыкуәліктің нөмірімен күні

Аудиторлық қызметке арналған лицензия нөмірі және оның берілген күні

Аудиторлардың кәсіби ұйымына өту күні

Аудиторлардың кәсіби ұйымына мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Басшының
Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

7

8

















Жұмыс органдарының құрылымы, бар болуы туралы мәліметтер
Кәсіби ұйымның құрылымы
(комитеттер, бөлімдер және т.б.)

Бөлімшенің атауы

ЖСН

Басшының Т.А.Ә.

Лауазымының атауы

Байланыс
телефоны,

1

2

3

4

5






      *әрбір құрылымдық бөлімшеде кемінде ұш аудитордың болуы

Кәсіби ұйымның
басшысы ___________________ ___________________
           (қолы)                 (Т.А.Ә.)
      М.О. _______________
              (күні)

«Кәсіби аудиторлық ұйымдарды 
аккредиттеу ережесіне    
3-қосымша           

нысан

№___ аккредиттеу туралы куәлігі

Осы куәлік
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
            (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (орналасқан жері, ЖСН)
_____________________________________________________________ берілді
Куәлік шектеусіз мерзімге беріледі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді.

Куәлікті берген орган _______________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)

Негіздеме: __________________________________________________________
                 (уәкілетті органның толық атауы)

      20 ___ жылғы "____"_____________№____ бұйрығы

Берілген күні 20 ____ ж. "___"____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады