"Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметті органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 144 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 96/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 сәуірде № 9301 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 840 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 687 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.12.2015 № 840 және ҚР Қаржы министрінің 25.12.2015 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:
      «Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 468 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7251 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2011 жылғы 27 қазанда № 157 (1973) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Кіріспе жаңа мәтінде баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 625-бабы 4-тармағын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-    Қазақстан Республикасының
      Министрінің орынбасары –           Өңірлік даму министрі
      Қазақстан Республикасы             _______________ Б. Жәмішев
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады