"Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюждеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 шілдеде № 9563 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 № 404 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
      2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
      06 «Басқа да салықтық емес түсімдер» сыныбында:
      1 «Басқа да салықтық емес түсімдер» кіші сыныбында:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер

2

06

1

13

100





                                                                ».

      2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т.Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                          Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады