"Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 308-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 шілдеде № 9581 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 № 971 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2012 жылғы 15 қарашадағы № 173 (2181) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттардың құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі;
      біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      еңбек функциясы – бір немесе бірнеше еңбек процесі міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      кәсіби стандарттар тізілімі – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін кәсіби стандарттар туралы деректердің бірыңғай ақпараттық базасы;
      кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білім туралы тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді, білікті және тәжірибелік дағдыларды талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі;
      кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының тұтас жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан кәсіптер жиынтығы;
      құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігін және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      пайдаланушы – мемлекеттік органдар, ұйымдар (кәсіпорындар), жеке тұлғалар;
      салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      салалық кеңес - тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органның біліктілік жүйесін қалыптастыру жөніндегі кеңес мемлекеттік орган жанындағы салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші консультациялық-кеңесші орган болып табылады;
      сынақтан өткізу - жобаланатын жұмыс құрамының (түрлерінің), білім деңгейінің және арнайы дайындығының нақты орындалатын жұмыстың құрамына және біліктілік деңгейіне сәйкестігін практикада, нақты жағдайларда тексеру.»;
      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кәсіби стандартты әзірлеу тәртібі»;
      3-тармақта:
      екінші-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұйымдар (кәсіпорындар) (бұдан әрі – әзірлеуші) – ұйымдарда тиісті құрылымдардың болуына қарай кәсіби стандарттарды әзірлейді және/немесе білікті мамандарды тартады не «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірлеуге тапсырысты орналастырады.»;
      төртінші-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік бюджет есебінен тиісті жылға әзірленетін кәсіби стандарттар жобаларының тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Кәсіби стандарт мемлекеттік орган саланы талдау қорытындылары бойынша айқындаған кәсіптік кіші топқа әзірленеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Әзірлеуші кәсіби стандарттың жобасын тиісті қызмет (ұқсас жұмыс түрлері) саласындағы ұйымдарға (кәсіпорындарға) тиісті қорытындыны ұсыну үшін жолдайды.
      Ұйымдар (кәсіпорындар) кәсіби стандарт жобасы келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде кәсіби қызмет түріне, жұмыс құрамына, білім деңгейіне, арнайы дайындығына сәйкестігін тексереді және әзірлеушіге тиісті қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) жолдайды.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Кәсіби стандарт жобасы қабылданғаннан кейін негіздеуші материалдармен бірге (түсіндірме жазба, әзірлеуші ұйым туралы мәліметтер, ұйымдардың (кәсіпорындардың) қорытындысы, салалық кеңестің хаттамасы) бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға қарауға және келісуге жолданады.»;
      89-тармақтар алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган:
      келісуге ұсынылған кәсіби стандарт жобасын келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды;
      ескертулер және/немесе ұсыныстар болған кезде тиісті уәкілетті мемлекеттік органға кәсіби стандарт жобасын пысықтау қажеттігі туралы дәлелді қорытындыны жолдайды;
      ескертулер және /немесе ұсыныстар болмаған кезде кәсіби стандарт жобасын уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.».
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда көрсетілсін:
      «Уәкілетті мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды қайта қарау және сынақтан өткізу тәртібі»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші-бөлікпен толықтырылсын:
      «13. Жобаланатын жұмыс құрамының (түрлерінің), маманның білім деңгейі мен арнайы даярлығының іс жүзінде орындалатын жұмыс құрамы мен біліктілік деңгейіне сәйкес келуін практикада, нақты жағдайларда тексеру мақсатында әзірленген кәсіби стандарт жұмыс беруші бірінші жыл ішінде енгізген соң өндірістік жағдайларда сынақтан өткізіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау министрінің         
2014 жылғы 30 маусымдағы     
№ 308-ө бұйрығына        
1-қосымша             

Қазақстан Республикасы      
Еңбек және халықты әлеуметтік   
қорғау министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі    
№ 374-ө-м бұйрығына       
1-қосымша             

Кәсіби стандарттың құрылымы

      1. Жалпы ережелер
      2. Кәсіби стандарттың паспорты
      3. Қызметкер кәсібінің карточкасы

      Ескертпе:
      1. «Жалпы ережелер» 1-бөлімде кәсіби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.
      2. «Кәсіби стандарт паспорты» 2-бөлім:
      1) кәсіби стандарт туралы жалпы кіріспе ақпаратты (атауы);
      2) кәсіби стандартты әзірлеудің мақсатын;
      3) кәсіптік топтың/кіші топтың, кәсіби стандарт шеңберінде орындалатын жұмыстардың жалпы сипаттамасын қамтитын кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасын айқындайды.
      3. «Кәсіп карточкасы» 3-тарауы қызметкердің (жұмысшының, қызметшінің) әрбір кәсібіне толтырылады және мыналарды қамтиды:
      1) «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышымен (кәсіптер коды);
      2) «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышымен сәйкес қызметкерлердің атауы;
      3) салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі;
      4) жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен (шығарылымы, бөлімі, атауы, жұмысшының разряды), басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығымен, ұжымдардың басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларымен сәйкес мамандадың біліктілік деңгейі;
      5) білім деңгейі;
      6) еңбек функциялары;
      7) дағды және умения;
      8) білім;
      9) жеке құзыреттілікке қойылатын талаптар;
      10) қызметкерлер өздерінің кәсіптік дамуында кәсіби біліктілік картасына сәйкес игеретін кәсіптерді қамтитын салалық біліктілік шеңберінің шегінде басқа кәсіптермен байланысы.
      4. Кәсіби стандарт қосымша біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұны, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ашу үшін орынды болатын басқа да тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.
      Кәсіби стандарт тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылған жағдайда әрбір қосымша ұсынылатын тарау және (немесе) қосымша тиісті белгіге («тарау», «қосымша»), сондай-ақ атауға ие болуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады