Озонды бұзатын заттарды 2014-2015 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 желтоқсанда № 9955 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы Заңымен қосылған Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған озонды бұзатын заттарды 2014-2015 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Т.А. Ахсамбиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 108 бұйрығымен   
бекітілген       

Озонды бұзатын заттарды 2014 - 2015 жылдар кезеңінде тұтыну
лимиттері (квоталары)

Жылдар

Квоталар (тонна)*

2014

550

2015

158

      Ескерту
      *цифрлер Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарға қатысты және Озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль Хаттамасының Тараптары Отырысының шешіміне сәйкес (№ ХІХ/6,2007 г) белгіленген.
      Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 - 2013 жылдары әкелген көлемге парапар жүзеге асырылады (Vi(2011), Vі(2012), Vі(2013)).
      Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін сәйкес есептелген көлемнен (Vі) аспауы тиіс.
      2015 жылғы 31 қаңтарға дейін белгіленген тәртіппен озон қабатын заттарды тұтынуға өтініш берген сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін (Vi) мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Vi- = ki*V

      мұнда:
      Vжалпы - мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2014 - 2015 жылдары рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      ki - сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула есептелген коэффициент:

Vi(2011)+Vi(2012)+Vi(2013)
ki=__________________________________
Vжалпы(2011)+Vжалпы(2012)+Vжалпы(2013)

      мұнда:
     Vi(2011)— сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 жылы әкелген заттардың көлемі, тонна;
      Vi(2012)-сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2012 жылы әкелген затын заттардың көлемі, тонна;
      Vi(2013)- сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2013 жылы әкелген затын заттардың көлемі, тонна;
      Vжалпы(2011) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары  2011 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      Vжалпы(2012) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2012 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
      Vжалпы(2013) - сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары  2013 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады