Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Қ.Қ. Айтмұхаметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А. Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 165 бұйрығымен бекітілген |
Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидалар
1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидалар "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және геодезиялық пункттерді қорғауды қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік геодезиялық желінің геодезиялық пункттері (астрономиялық-геодезиялық, геодезиялық, нивелирлік және гравиметриялық пункттер, жер бетіндегі белгілер мен осы пункттердің орталықтары), сондай-ақ арнайы геодезиялық желілер пункттері (орталықтар, бақылау таңбалары, сыртқы белгілер, бағдарлық пункттер) мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
3. Геодезиялық пункттерді есепке алу мен олардың сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
4. Геодезиялық пункт орталықтан, сыртқы белгіден және геодезиялық белгінің шекарасы болып табылатын жыра немесе бел түріндегі сыртқы безендіруден тұрады.
Геодезиялық пункттің сыртқы безендіруі болмаған жағдайда сыртқы белгінің негізі оның шекарасы болып табылады.
Арнайы орталықтары ғимараттар мен басқа да құрылыстардың қабырғаларына салынған геодезиялық пункттер үшін пункттердің шекаралары мен қорғау аймақтары белгіленбейді.
Бұл жағдайда қабырғалық марка немесе қабырғалық репер қорғалуға тиіс.
5. Геодезиялық пункт орналасқан жер учаскесі, геодезиялық белгінің шекарасы және оларды бойлай жағаланған ені 1 метр жер жолағы геодезиялық пунктті қорғау аймағы болып табылады.
6. Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аумағында геодезиялық пункттер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар геодезиялық пункттердің бүлінуінің немесе жойылуының барлық жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
7. Геодезиялық пункттердің бүлінгендігі немесе жойылғандығы туралы ақпарат келіп түскен жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлінген немесе жойылған геодезиялық пункттерге акт жасайды.
8. Геодезиялық пункттердің бүлінуіне немесе жойылуына (бұзылуына) әкеп соғуы мүмкін құрылыс жұмыстарын жүргізген, карьерлерді өндірген, құрылыстарды салған немесе бұзған және басқа да жұмыстарды жүргізген жағдайда, осындай жұмыстарды жүргізетін адамдар геодезиялық пункттерді көшіру немесе бұзу мүмкіндігі туралы уәкілетті органға алдын ала сұрау салады.
9. Уәкілетті орган әрбір нақты жағдайда геодезиялық пункттердің тығыздығын, қолда бар геодезиялық желілерді дамыту және жаңарту перспективаларын ескере отырып, геодезиялық пункттерді көшірудің қажеттігі немесе бұзудың мүмкіндігі туралы мәселені шешеді және телімінде көшірілетін немесе бұзылатын геодезиялық пункттер орналасқан мүдделі ұйымдарды, жерді пайдаланушыларды және жер телімдерінің меншік иелерін қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
10. Геодезиялық пункттерді жүйелі түрде зерттеуді және қалпына келтіруді, ал қажет болған кезде толық қалпына келтіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларға қосымша |
нысан
Геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы акт
20___жыл "__"________________________________________________________
(елді мекеннің атауы, пошталық мекен-жайы)
Біз, төменде қол қоюшылар____________________________________________
(актіні жасаушының тегі, аты және
_____________________________________________________________________
әкесінің аты, лауазымы, мекеменің атауы)
20 жылғы "__"________акт бойынша сақталуын бақылау үшін қабылданған,
_____________________________________________________________________
(сақталуын қадағалау үшін пунктті беру актісіне сәйкес)
___________________________________________________________орналасқан
геодезиялық пункттің бүлінуі (жойылуы) туралы осы актіні жасадық
_____________________________________________________________________
(пункттің атауы немесе нөмірі)
Тексеру кезінде______________________________________________________
(орталықтың, сыртқы белгісінің,
_____________________________________________________________________
бағдарлық пункттердіғ және сыртқы ресімделуінің жай-күйін, пункттің бүлінуіне
_____________________________________________________________________
немесе жойылуына әкеп соқтырған себептерді, сондай-ақ кінәлі адамдарды көрсету;
___________________________________________________________анықталды.
Қолдар________________________(аты-жөні)
_________________________(аты-жөні)
_________________________(аты-жөні)