2014 жылға Көкшетау қаласында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/647 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 4128 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № А-11/1923 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 10.11.2015 № А-11/1923 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Көкшетау қаласында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан жоғары тұлғалар;
      3) техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын бітірушілер;
      4) ұзақ уақыт бойы (алты айдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ж.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады