Көкшетау қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № А-8/1522 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қыркүйекте № 4345 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № А-4/713 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 28.04.2015 № А-4/713 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысының негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Көкшетау қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Омароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Ж.Нұрғалиев

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 15 тамыздағы 
№ А-8/1522 қаулысымен  
бекітілді        

Көкшетау қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы

      1. Осы Көкшетау қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және Көкшетау қаласының коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Қалалық коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалдау төлемақысының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс түрін, тұрғын үй емес жайдың түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушылардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициент мөлшерінің негізінде анықталады және формула бойынша іске асырылады:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кжд х Кр х Кқт х Кұқн формуласы бойынша есептеледі,
      мұндағы:
      Ап - бір жылда қалалық коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілеріне жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Бс - жылына 1 шаршы метр теңгеге жалға алу төлемінің негізгі мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын жай, шаршы метр;
      Кт - құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй жайдың түрін есепке алатын коэффициент;
      Кжд – жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент;
      Кр – аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент;
      Кқт – жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент;
      Кұқн - жалға алушының ұйымдастыру–құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалдау ақысының жылдық есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап=С х Nam / 100 х Кп,
      мұндағы:
      Ап – бір жылда жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозу есептелген жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam - Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 120-бабына сәйкес тозудың шекті нормалары;
      Кп – төмендету коэффициенті (0,5 көлемінде - сауда-сатылатын (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,8 мөлшерінде алпыс пайыздан артық жабдықтың, көлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың тозуы кезінде қолданады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін сағат бойынша мүліктік жалға беру, сонымен қатар қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысын есептеу келесі формуламен іске асырылады:
      Ач = Ап/12/Д/24,
      мұндағы:
      Ач - бір сағатқа қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа пайдаланылмайтын заттарға жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Ап – бір жылға қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа пайдаланылмайтын заттарға жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Д – нысандарды мүліктік жалға беруді (жалға алуды) жүзеге асыру кезіндегі бір айдағы күндер саны.

Көкшетау қаласының     
коммуналдық мүлікті     
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалға алу төлемінің
есептік мөлшерлемесін есептеу 
қағидасына қосымша      

Көкшетау қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің көлемі және базалық мөлшерлемесі

Базалық мөлшерлеме

1,5 айлық есептеу көрсеткіші


р/т

Коэффициент түрлері

Коэффициенттің
мөлшері

1

Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік, әкімшілік, қоғамдық

1,0

1.2 ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік

0,8

1.3 қоймалық, гараждық, қазандық

0,7

1.4 спорттық имараттар (стадиондар, спорт залдары)

0,5

2

Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк)


2.1 ғимарат немесе ғимараттағы жай

1,2

2.2 жалғастыра салынған бөлігі

0,9

2.3 цоколдық (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі, төбесі

0,6

3

Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, электрқуаты) қандай да инженерлік-техникалық жабдықтардың түрі болмаған жағдайда әр түрге 0,2 азаяды

2,0

4

Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр)


4.1 Көкшетау қаласы

1,5

4.2 қала, кент (аудан орталығы)

0,9

4.3 село, кент

0,5

4.4 Астана қаласы (Көкшетау қаласының коммуналдық меншігіне жататын мүліктік жалға беру (жалға алу) объектілеріне)

3,0

4.5 Басқа облыстар (Көкшетау қаласының коммуналдық меншігіне жататын мүліктік жалға беру (жалға алу) объектілеріне)

1,0

4.6 Көкшетау қаласының Станционный кенті, Краснояр селолық округі

1,0

5

Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт):


5.1 брокерлік қызмет және кеден, телекоммуникация қызметтерін көрсету және валюта айырбастау, ломбард, банкоматтар және басқа да банктердің есеп-айыру кассалық орталықтары, ұялы телефон байланыс жабдықтарын орналастыру үшін, қызметі құнды қағаздар нарығымен, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды кеңселер, адвокаттық кеңселер, зергерлік шеберханалармен байланысты бөлімшелерді орналастыру үшін

3,0

5.2 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерін ұйымдастыру үшін

1,5

5.3
1) жоғары, техникалық және кәсіптік білім саласындағы қызметтерді ұйымдастыруға арналған;
2) орта білім;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;

1,1
 
 
0,9
0,8

5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.5 бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік білім беруде жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың тамақтануын және буфеттер ұйымдастыру үшін

0,5

5.6 коммуналдық заңды тұлғалар орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

0,9

5.7 осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек саудамен) коммуналдық заңды тұлғалар орналасатын ғимараттарда тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

1,2

5.8 жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру үшін

0,5

5.9 пошта қызметі саласындағы қызметтерді ұсыну үшін

1,0

5.10 басқалар үшін

1,5

6

жалға алушының ұйымдастыру–құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):


6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін (үкіметтік емес ұйымдардан басқа)

0,5

6.2 үкіметтік емес ұйымдар үшін

0,2

6.3 басқаларға арналған

1,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады