Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № А-1/3 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 ақпанда № 4000 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 14.01.2015 № А-1/11 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiнiң 30-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақкөл ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сотталғандарға негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Н.Т.Әбдірахмановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Т.Едігенов

Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 10 қаңтардағы
№ А-1/3 қаулысына  
қосымша        

Сотталғандарға негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыс түрлерi

1. Аумақты мұздан тазарту.
2. Аумақты қардан тазарту.
3. Аумақты қоқыстан тазарту.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
5. Аумақты арам шөптерден тазарту.
6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу.
7. Қоршауларды жөндеу және бояу.
8. Ғимараттарды ақтау, бояу.
9. Гүл клумбаларын бөлу.
10. Көгал алаңды қайта қазу.
11. Құрылыс қоқыстарын жинау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады