Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 03.10.2014 № а-10/415 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/6 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы» шешімі негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.К.Хамитовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Ж.Нұркенов
Атбасар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 17 наурыздағы № а-3/98
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. |
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары: |
1) |
күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер. |
2. |
Білім беру мамандарының лауазымдары: |
1) |
директор; |
2) |
меңгеруші; |
3) |
директордың орынбасары; |
4) |
барлық мамандықтар мұғалімдері; |
5) |
әдіскер; |
6) |
аға вожатый; |
7) |
музыкалық жетекші; |
8) |
кітапхана меңгеруші; |
9) |
кітапханашы; |
10) |
тәрбиеші; |
11) |
тәрбиешінің көмекшісі; |
12) |
медбике; |
13) |
емдәмбике; |
14) |
әлеуметтік педагог; |
15) |
логопед; |
16) |
педагог-психолог; |
17) |
алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы. |
3. |
Мәдениет мамандарының лауазымдары: |
1) |
директор (меңгеруші); |
2) |
филиал меңгеруші; |
3) |
жетекші музыкалық (мәдени ұйымдастырушы); |
4) |
әдіскер; |
5) |
кітапханашы. |