2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № а-5/184 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 маусымда № 4227 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 02-09/53 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 15.01.2015 № 02-09/53 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Бекмағанбетова Ш.Е. жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    Ж.Нуркенов

Атбасар ауданы әкімдігінің 
2014 жылы 13 мамырдағы № а-5/184
қаулысымен бекітілген   

2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

мемлекеттік

жекеменшік

1.

Балабақша

500

0

20733

0

20733

0

8000

0

2.

Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

399

0

14877

0

14877

0

6600-7000

0

3.

Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

206

0

7444

0

7444

0

4000-5000

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады