"Бұланды аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қарашадағы № 5С-33/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 4507 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 6С-3/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 05.05.2016 № 6С-3/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бұланды аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс 33 сессияның төрағасы Б.Қажақанов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов

  Бұланды аудандық мәслихатының
2014 жылғы 12 қарашадағы № 5С-33/4
шешімімен бекітілді

"Бұланды аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұланды аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Бұланды аудандық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен қалалық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 020500, Ақмола облысы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 үй.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – "Бұланды аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: Бұланды аудандық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) қалалық мәслихаттың және депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету;
      3) қалалық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
      4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
      15. Функциялары:
      1) мәслихат сессияларын өткізудің әзірлік және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) жалпы отырыстарға, тұрақты және уақытша комиссия отырыстарына қатысу, мәслихат шешімдерінің, комиссиялардың қорытындыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
      3) "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органына мемлекеттік тіркеуге рәсімдеу және ұсыну;
      4) мәслихат Регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинағын рәсімдеу;
      5) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеу және олардың орындалысына бақылау жасау;
      6) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына өз өкiлеттiктерiнің жүзеге асырылуына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттар сауалдарының және өтiнiштерінiң уақытылы қаралуына бақылау жасау;
      7) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде депутаттармен айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қорытындылап, есепке алуды жүргізу;
      8) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және өзге де мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
      9) іс жүргізуді және мәслихаттың шешімдері мен өзге де құжаттардың таратылуын қамтамасыз ету, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету;
      10) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесіне сәйкес есепке алу және есептілікті жүргізу;
      11) мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қамтамасыз ету;
      12) кадрлық жұмыстарды жүзеге асыру;
      13) қаланың сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыстар.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік мекеме өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, шарт жасасуға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға;
      2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
      3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      18. Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда қалалық мәслихат атынан өкiл болады;
      2) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      3) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      4) мемлекеттік мекеменің аппарат басшысының, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің басқа қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      6) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады;
      8) қалалық мәслихаттың шешімдеріне және мәслихат хатшысының өкімдеріне қол қояды;
      9) қалалық мәслихат хатшысының және мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
      10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды.
      20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде өкілеттігін орындауды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.
      21. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мемлекеттік мекеменің мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады