"Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № а-6/244 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте № 4364 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/73 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік органның үлгілік ережесіне, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/556 қаулысына, Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-10 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімі аппаратының басшысы А.Қ.Аутеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Садуақасұлы

  Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№ а-6/244 қаулысымен
бекітілді

"Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауыл әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Заозерный ауылы, мөлтек ауданы, 30 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Аппарат акима села Заозерное Енбекшильдерского района".
      10. Осы Ереже "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

      13. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің миссиясы: тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.
      14. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері: ауыл әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.
      15. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің атқаратын міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет егемендігін, Конституциялық құрылысын қорғау және бекіту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету саясатын жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс, аудан, округ және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
      4) ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар дайындайды;
      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауыл әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды, оларды қабылдауды ұйымдастырады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеттері:
      1) өз құзыреттігі шегінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
      2) мемлекеттік көліктерді, байланыс жүйелері мен коммуникацияларды пайдалану;
      3) мамандарды жұмысқа тарту, оның ішінде құқық қорғау, қаржы, салық және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін шарт негізінде;
      4) мемлекеттік билік органдары қызметінің құрылымын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау;
      6) қызметшілерді кәсіби дайындау және қайта дайындау және біліктіліктерін жетілдіруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімі жүзеге асырады.
      18. Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен ауылдың әкімі қызметке тағайындалады немесе лауазымынан босатылады немесе сайланады және босатылады.
      19. Ауыл әкімінің өкілеттігі:
      1) "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралардың қабылдануына жеке жауапты;
      2) "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функциялары мен өқілеттіктерін анықтайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтауды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалардың салынуын жүзеге асырады;
      5) "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуға тиісті оның құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
      7) "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі келешек және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ауылдың әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Еңбекшілдер ауданының Заозерный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады