2014 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 5С-31/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 наурызда № 4029 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 03-2/3 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 08.01.2015 № 03-2/3 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес», Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. 2014 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының түрлері ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Рахимов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады