Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 6C-14-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 болып тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы, осы аталған шешімімен бекітілген:
11 тармақтың 3) тармақшасы 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек Жақсы ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде:".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г.Әбілдаева |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |