Жақсы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 тамыздағы "Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" № 5С-19-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 5С-30-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 4339 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 6C-14-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 6C-14-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 болып тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Жақсы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы, осы аталған шешімімен бекітілген:

      11 тармақтың 3) тармақшасы 1 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек Жақсы ауданы ауыл және ауылдық округтері әкімдері ұсынылған тізімдердің негізінде:".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Г.Әбілдаева
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады