Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 580 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 4427 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № А-1/295 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 29.05.2015 № А-1/295 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қадағалайтын мәселелері бойынша Зеренді ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола ауданының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі Қ.Әлібеков

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 580
қаулысымен бекітілді

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы

      1. Осы аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің мөлшерлемесін есептеу тәртібін белгілейді.
      2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаның балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жылдық жалдау төлем ақысының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес құрылыс түрін, тұрғын үй емес жайдың түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасқан жерін, жалдаушының қызмет түрін, жалдаушылардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескере отырып, базалық мөлшерлемесі және қолданылатын коэффициент мөлшерінің негізінде анықталады және формула бойынша іске асырылады:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кжд х Кр х Кқт х Кұқн,
      мұндағы:
      Ап – бір жылда аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілеріне жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Бс - жылына 1 шаршы метр теңгеге жалға алу төлемінің негізгі мөлшерлемесі;
      S – жалға алынатын жай, шаршы метр, соның ішінде жалпы пайдалану орнына жалдаушының қолжетімін есепке алатын жалға берілетін алаңның 25 пайыз;
      Кт - құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй жайдың түрін есепке алатын коэффициент;
      Кжд – жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент;
      Кр – аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент;
      Кқт – жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент;
      Кұқн - жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      3. Жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап=С х Nam / 100 х Кп
      мұндағы:
      Ап – жылына жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды жалдау ақысының мөлшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозу есептелген жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-бабына сәйкес тозудың шекті нормалары;
      Кп - төмендету коэффициенті (0,5 көлемінде-сауда-сатылатын (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,8 мөлшерінде 60 пайыздан артық жабдықтың, көлік құралдарының және басқа пайдаланылмайтын заттардың тозуы кезінде қолданады).
      4. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін сағат бойынша мүліктік жалға беру, сонымен қатар аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалға беру кезінде жалдау ақысын есептеу келесі формуламен іске асырылады:
      Ач=Ап/12/Д/24,
      мұндағы:
      Ач - бір сағатқа аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілеріне, жабдықтарға, автокөлік құралдарына және басқа пайдаланылмайтын заттарға жалға алу төлемінің мөлшерлемесі;
      Ап - осы Қағиданың 2-інші немесе 3-тармақтарында аталған жалға алу мөлшерлемесі;
      Д - мүліктік жалға берілетін (жалға алынатын) объектілерге тапсыруды іске асыратын бір ай ішіндегі күндердің саны.

  Аудандық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру кезінде жалға алу төлемінің
есептік мөлшерлемесін есептеу
қағидасына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері және негізгі мөлшерлемесі

Негізгі мөлшерлеме
1,5 айлық есептік көрсеткіш

      

№ р/т

Коэффициенттердің түрлері

Коэффициенттің мөлшері

1
Құрылыс үлгісін есепке алатын коэффициент (Кт):
1.1. кеңселік, әкімшілік, қоғамдық

1,0

1.2. ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған, өндірістік

0,8

1.3. қоймалық, гараждық, қазандық

0,7

2
Тұрғын емес жайдың түрін есепке алатын коэффициент (Кк)
2.1. ғимарат немесе ғимараттағы жай

1,2

2.2. жалғастыра салынған бөлігі

0,9

2.3. цоколдық (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4. жертөле бөлігі, төбесі

0,6

3
Жабдықталғандығының дәрежесін есепке алатын коэффициент (Кжд)
3.1. барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр қуаты, канализация) қандай да коммуникация түрі болмаған жағдайда әр түрге 0,5 азаяды

2,0

4
Аймақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр)
4.1 қала (аудан орталығы)

0,9

4.2 село

0,5

5
Жалдаушының қызмет түрін есепке алатын коэффициент (Кқт);
5.1 брокерлік қызмет және кеден қызметін көрсету, банктер, ломбардтар, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалды конторлар, адвокаттық конторлар, зергерлік шеберханалар үшін

3,0

5.2 қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауда немесе сауда-делдалдық қызметтерімен айналысатын ұйымдастыру үшін

1,5

5.3 облыста қызметтерді ұйымдастыруға арналған:
1) жоғары, техникалық және кәсіптік білім;
2) орта білім;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

1,1

0,9

0,8

5.4 денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.5 бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, кәсіптік білім беруде жалпы білім беру бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқушылардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін, және оқу орындарының жатақханалары

0,5

5.6 мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан ғимараттарда, кіруін шектетумен осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) қызметшілердің тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

0,9

5.7 жарғылық қызметті іске асыратын ғимараттарда осы мекемелердің және кәсіпорындардың жұмыс кестесінен аспайтын жұмыс кестесімен (бөлшек сауда) мемлекеттік заңды тұлғалардың тамақтануын және буфеттерді ұйымдастыру үшін

1,2

5.8 жылумен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру үшін

0,5

5.9 пошта қызметі саласындағы қызметтерді ұсыну үшін

1,0

5.10 басқалар үшін

1,5

6
жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Кұқн):
6.1 коммерциялық емес ұйымдар үшін (үкіметтік емес ұйымдардан басқа)

0,5

6.2 үкіметтік емес ұйымдар үшін

0,2

6.3 басқалар үшін

1,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады