РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Әлібеков |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 682 қаулысымен БЕКІТІЛДІ |
Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер.
1. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.2. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырулық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.
4. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан қатысады.
5. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер ол соған заңнамаға сәйкес уәкілді болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде қатысуға құқылы.
6. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзырлығына мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте, Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге актілерімен ресімделеді.
7. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен шекті штат саны қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Мира көшесі, 58.
9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық атауы – государственное учреждение "Отдел экономики и финансов" Зерендинского района.
10. Осы Ереже Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
11. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді атқаруға кәсіпкерлік субъектілерімен келісімдік қарым-қатынасқа кіруге тыйым салынады.
Егер Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқық ұсынылса, онда сондай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджет табысына бағытталады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері.
15. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, аудандық деңгейде тұрақты экономикалық дамуына қол жеткізу мен халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпалын тигізетін экономикалық және бюджеттік жоспарлауды жүргізу, сондай-ақ Зеренді ауданы экономикасы бәсекеге қабілеттілігінің сапалы деңгейіне қол жеткізу мақсатында коммуналдық меншік объектілерін, қаржылық және материалдық ресурстарды қолдану және аудан бюджетін орындау кезінде операцияларды сапалы бақылаудың және нақты есеп жүргізудің уақытылы жүзеге асырылуын және айқындығын қамтамасыз ету.16. Міндеттер:
1) стратегиялық мақсаттарды және басымдықтарды, ауданды әлеуметтік–экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) экономикалық талдау, ауданды әлеуметтік–экономикалық дамытуды макроэкономикалық болжамдау және реттеу;
3) экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жетілдіру;
4) экономика аясындағы бірыңғай саясатты өткізуді қамтамасыз ету және негізгі бағыттарын қалыптастыру;
5) мемлекеттік активтерді тиімді басқару саясатын әзірлеуге қатысу және оны жүзеге асыру;
6) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
7) аудан бюджетін орындау бойынша заңнамалық актілердің орындалуын қамтамасыз ету;
8) бөлімнің құзырлығы шегінде бағдарламалық құжаттарды құрастырады;
9) бөлімнің құзырлығы шегінде селолық аумақтарды дамыту мониторингін ұйымдастырады және өткізеді;
10) ауданды дамытудың салықтық–бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды құрастырады;
11) қаржыландыру тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстарды құрастыру;
12) мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғауды ұйымдастыру;
13) жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша методологиялық басшылықты іске асыру;
14) мемлекеттік мекемелердің ақшадай қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолдану;
15) мемлекеттік коммуналдық объектілерді қайта құру жөніндегі қызметті үйлестіру;
16) мемлекеттік коммуналдық меншік активтері қозғалысының есебін жүргізу және реттеу;
17) коммуналдық меншік және жекешелендіру объектілерін басқарудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
18) аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасын жүзеге асырудың мониторингін және бағалауын өткізеді;
19) аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасының жобасын құрастырады;
20) бюджеттік бағдарламаларды құрастырады және бекітеді;
21) бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік тапсырыстардың жобаларын бағдарламалық құжаттарға, бюджеттік және өзге заңнамаға сәйкестігіне қарастырады;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген өзге міндеттер.
17. Қызметтер:
1) Экономикалық жоспарлау секторының қызметтері;
мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын құрастыру;
бес жылдық мерзімге арналған аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасын құрастыру;
бес жылдық мерзімге арналған аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын құрастыру;
бес жылдық мерзімге арналған аудан аумақтарын дамыту Бағдарламасының орындалу мониторингін жүргізу;
бес жылдық мерзімге арналған аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингін жүргізу;
алдағы бес жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму және алдағы үш жылға арналған бюджеттік параметрлердің Болжамын құрастыру, бекіту және нақтылау;
ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жинау, үйлестіру және талдау;
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүргізу.
2) Бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау секторының қызметтері:
аудандағы бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік инвестициялардың басым бағыттарын қалыптастыру;
сәйкес қаржылық жылға аудан бюджетінің жобасын, сонымен қатар алдағы үш жылдық мерзімге аудан бюджетінің болжамды көрсеткіштерін әзірлеу;
аудандық бюджетке түсімдерді болжамдау және аудандық бюджеттің орындалуына талдау жасау;
бюджеттік бағдарламалардың орындалуына бағытталған іс-шараларды іске асыру;
шот ашуға рұқсат беру және мемлекеттік мекемелерді қабылданған міндеттері бойынша қаржыландыруды іске асыру;
бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды атқару, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджеттің тапшылығын қаржыландыру;
бюджеттік қаражаттың үнемді және мақсатты жұмсалуын бақылау, аудан бюджетінің орындалуы бойынша (жылдық, ай сайынғы) есеп құрастыру және оларды жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға ұсыну;
түсімдер және қаржыландыру жиынтық жоспарын, міндеттер бойынша жиынтық жоспарын құрастыру және бекіту, және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
түсімдер және қаржыландыру жиынтық жоспарын, міндеттер бойынша жиынтық жоспарын Ақмола облысының Қаржы басқармасына және Ақмола облысы бойынша қазынашылық Департаментінің Зеренді аудандық Қазынашылық басқармасына ұсыну;
бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік қаражаттың игерілу мониторингін жүргізу;
бюджеттік бағдарламалардың іске асу мониторингінің барысы туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және бюджеттік комиссияға ақпарат ұсыну;
селолық (ауылдық) округ, село, кент және ауыл әкімі аппараттарының қаржы бақылау шоттарына қаражаттың түсуін және оны жұмсаудың бақылауы мен талдауын жүргізу.
3) Есеп жүргізу, есеп беру және мемлекеттік активтерді басқару секторының қызметтері:
аудандық бюджеттің орындалуын, аудандық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есеп жүргізу мен есеп берудің жүргізілуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік сатып алулар рәсімінің мониторингін жүргізу және мемлекеттік сатып алулар бойынша уәкілетті органға мемлекеттік сатып алулар туралы ақпаратты ұсыну;
аудандық коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
ауданның ауылдық елді-мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
18. Құқықтар мен міндеттер:
жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың және бес жылға арналған ауданның аумақтарды дамыту Бағдарламасының орындалуына бақылау жасау;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, бюджетке түсімдер бойынша іс-шаралар кешенін орындау үшін қажет Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен қарастырылған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және мемлекеттік мекемелерден ақпарат сұрау, есеп және өзге мәліметтер алу;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалар (бағдарламашалар) бойынша төлемдерді іске асырудың ай сайынғы кестеге өзгерістер енгізу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің, сондай-ақ коммуналдық меншікке жататын, тауар-материалдық құндылықтар мен мүліктің сақталуы бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар атқарушылары мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының тексеруін және қаржы-шаруашылық қызметінің тексерісін жүргізу;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен жергілікті бюджеттің атқару жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауына, жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік қаражаттың, сондай-ақ несиенің мақсатты пайдалануына, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындармен жергілікті бюджетке таза табыс үлесінің уақытылы ақша аударуларына және толықтығына, сондай-ақ шаруашылық серіктестердегі мемлекеттік үлестеріне және коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акция пакетіне үлеспайданың табыс аударуына бақылау жасау;
жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне бақылау жүргізу;
даусыз тәртіпте бюджетке ақшадай қаражатты өндіріп алуды (кері алу) жүргізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіпте түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттер бойынша талдаулық жоспарға жылдық сомаларды қоса отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
кедергісіз түрде құпиялық режимды, коммерциялық және заңмен қадағаланатын өзге құпияларды есепке ала отырып жергілікті бюджеттің орындалу сұрақтарына қатысты құжаттамалармен танысу;
мемлекеттік мекемелер ұсынатын есептердің тексеруін жүзеге асыру;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, мекемелерден және мемлекеттік кәсіпорындардан мемлекеттік сатып алулар бойынша жоспарланатын тауарлар сатып алу, жұмыстар мен қызметтер номенклатурасын талап ету және белгіленген мерзімде алу;
мемлекеттік органдарға меншікке және қолдануға тапсырылған мемлекеттік акция пакеттерін және мемлекеттік қатысу үлестерін тиімді басқарудың бақылауын ұйымдастыру және өткізу;
сатып алушылардың коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату келісім шартына сәйкес міндеттерін, сонымен қатар өзге келісімдік міндеттерді орындауын бақылауды жүргізу;
сенімді басқарушыларды коммуналдық меншік объектілерін сенімді басқару келісіміне сәйкес талаптарды орындау сұрақтары бойынша тыңдау және бақылау жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге уәкілеттіліктерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің қызметтерін атқаруға жеке жауапкершілік тартатын басшы жүзеге асырады.20. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы аудан әкімімен, немесе Қазақстан Республикасына сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
21. Басшының, тағайындалу тәртібі қолданыстағы лауазымдар номенклатурасымен анықталатын орынбасары бар. Орынбасардың міндеттерін анықтау мемлекеттік мекеменің басшысымен жүзеге асырылады.
22. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының уәкілеттіліктері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің жұмысшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
мемлекеттік мекеменің бұйрықтарына қол қояды;
ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен штаттық санақ лимиті шектерінде мемлекеттік мекеменің құрылымын құрастырады және бекітеді;
мемлекеттік мекеменің штаттық тізбесін құрастырады және бекітеді;
Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда ұсынады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік тартады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге уәкілеттерді жүзеге асырады;
жұмыста болмаған кезде Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының уәкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады;
23. Басшы өзінің орынбасарларының, сектор меңгерушілерінің уәкілеттерін анықтауды және лауазымдық тұжырымдамаларды бекітеді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі.
24. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен тапсырылған мүлік, сондай-ақ өзінің қызметін атқару нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған көздерден иеленген мүлік есебінен қалыптасады.
25. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады;
26. Зеренді ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзге жағдайлар заңнамамен қарастырылмаған жағдайда оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша ол сатып алған мүлікті дербес түрде өзінен жөнелтуге немесе өзге әдістермен қолдануға құқылы емес.