Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 2/29 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 4422 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 28.08.2017 № 2/18 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін белгілеу:

      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айрылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты тоқсан сайын жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар мүгедектер қатарындағы кемтар әр балаға тоқсан сайын тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшері белгіленсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
М.Айтжанов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
Ө.Балғабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қорғалжын аудан
әкімі
Қ.Рыскелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады