Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № А-3/55 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 сәуірде № 4068 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № А-1/7 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енегізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелді және "Сандыктауские вести" газетінде 2014 жылғы 24 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
      қаулыға 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г. Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады