Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № А-6/139 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 маусымда № 4221 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № А-1/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 14.01.2016 № А-1/7 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енегізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 23/8 "Сандықтау ауданы мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 20/2 "Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 тіркелген, және 2014 жылғы 24 қаңтарда "Сандыктауские вести" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 қосымшаның 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      кітапхана, клуб меңгерушісі;
      аккомпаниатор;
      әдіскер;
      музыкалық жетекші;
      көркем жетекші;
      хореограф;
      кітапханашы;
      библиограф;
      балетмейстер;
      дыбыс режиссері;
      мәдени ұйымдастырушы.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары В.Г.Горохводацкийге жүктелсін.
      3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады