Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 252/36-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қарашада № 4441 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 129/16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 26.06.2017 № 129/16-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері анықталсын:

      1) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан және осы балаларға қатысты ата-аналары ата-аналық құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз ұсынылады;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айынан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады. Төлем өткен айға жүргізіледі және шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (18 жасқа толуы, мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

      3) өтініш беруші "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбе бойынша құжаттарды ұсынады;

      4) шығындарды өтеу үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын оқу жылының ішінде жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 28.03.2016 № 11/1-6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
      төрағасы Д.Өміржанов
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Р.Түлкібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының
әкімі
М.Тәткеев
      "Целиноград ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Мурзагельдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады