РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушы 2014 жылғы 04 маусымдағы № 01-16/384 ұсынысы негізінде, Софиевка ауыл аймағының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ньюкасл құс ауруы анықталуына байланысты Софиевка ауыл аймағының Софиевка ауылына карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Софиевка ауыл
аймағының әкімі: В.Горбуля