Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 631 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9827 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментінің, Тергеу департаментінің бастықтары тоқсан сайын күдіктілерді (айыпталушыларды) құжаттандыру барысы туралы мәліметтер жинақтасын.

      3. Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат көздерінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      _____________ А. Дауылбаев


      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрі

      _____________ С. Ахметов


      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы

      _____________ А. Күреңбеков


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      _____________ Қ. Қожамжаров


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      _____________ Н. Әбіқаев



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 631 бұйрығымен
бекітілді

Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары

      1. Осы Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 203-бабының 5-бөлігіне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қағида қылмыс жасаудағы күдіктілерді, айыпталушыларды жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалған жағдайда құжаттандыру тәртібін айқындайды.

      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыс жасаудағы күдіктіге, айыпталушыға қатысты қамауға алу туралы мәселені шешу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабынада көзделген жеке басын куәландыратын құжаттардың бірін алып қояды.

      Алынған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер ұстау, тінту немесе алу хаттамасына иесінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжатының сериясы мен нөмірі, берілген күні мен берген орган көрсетіле отырып енгізіледі. Алынған құжаттар қылмыстық іске тігіледі, ал олардың көшірмелері күдіктінің, айыпталушының жеке ісіне тігу үшін жолданады.

      Күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттары қылмыстық іспен бірге (пакетте) соттылығы бойынша (тергеулік) жолданады.

      4. Күзетпен ұстауды қоспағанда кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шарасының бірі қолданылған күдіктілер, айыпталушылар – жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы тәртіпте құжаттандырады.

      Күзетпен ұстауды қоспағанда кодекстің 137-бабында көзделген бұлтартпау шарасының бірі қолданылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын күдіктілер, айыпталушылар – азаматтығы жоқ адамдар, шетелдіктер жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған, не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары жалпы тәртіпте құжаттандырады.

      5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алғаш рет: 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын немесе оны жоғалуы себепті қалпына келтіру үшін, сонымен қатар алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу үшін өтінімхат және туу туралы куәлігін ұсынған жағдайда 18-жастан асқан адамдарға олардың азаматтығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына сәйкес), жеке басын анықтау, құжатты беруді растау және фотосуретінің сәйкестігін анықтау үшін тексеру материалын қалыптастыруды қылмыстық қудалау органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Бұлтартпау шарасы - күзетпен ұстау қолданылған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын күдіктілер, айыптаушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдіктер жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда ішкі істер органдары қоғамнан уақытша оқшалауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелер тұрған жерде жалпы тәртіпте құжаттандырады.

      Күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған не жоғалтқан, жоғалтып алған жағдайда қылмыстық қудалау органдары күдіктіден, айыпталушыдан аумақтық ішкі істер органының басшысының атына жеке басын куәландыратын құжатының болмауы себебін не оларды жоғалтқан, жоғалтып алған мән-жайларын көрсете отырып, жазбаша өтініш талап ету бойынша шаралар қабылдайды.

      Күдіктінің, айыпталушының жазбаша өтініш беруден, сондай-ақ формулярға қол қоюдан бас тартуын қылмыстық қудалау және көші-қон қызметі органдары актілейді. Бас тартуды жазбаша растау құжаттар дайындау үшін негіз болып табылады.

      Жеке басын растауға және жеке басын куәландыратын жоғалған құжат туралы мәліметтерді беруге тексеруді қылмыстық қудалау органдары құқық қорғау және арнайы органдардың ақпаратпен алмасудың бірыңғай жүйесі не қылмыстық қудалау органдарының автоматтандырылған деректер базасы бойынша жүргізеді.

      Өтініш не өтініш беруден бас тарту туралы қылмыстық қудалау органдарының күдіктіні, айыпталушыны құжаттандыру туралы өтінімхатымен, мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртекпен және екі фотосуретпен бірге жеке басты куәландыратын құжат дайындау үшін тиісті көші-қон қызметі бөліністеріне жолданады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Жеке басын куәландыратын құжатын беру үшін формулярды тергеу изоляторында, уақытша ұстау изоляторында, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде ұстау орны бойынша көші-қон қызметі бөліністерінің уәкілетті қызметкері толтырады.

      Бұл ретте "тұрғылықты жері" деген жолында осы адамдар отырған қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелердің тұрған орны (облыс, қала, аудан, елді мекен, тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы) көрсетіледі.

      Формуляр жеке басты куәландыратын құжатты әзірлеу үшін толтырылған күннен келесі күні жолданады.

      Күдіктілерге, айыпталушыларға құжаттарды әзірлеу мерзімі Қазақстан Республикасы ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік орталығында өндіріске келіп түскен күннен 1 жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар, әзірленгеннен кейін қылмыстық қудалау органдарына беріледі, формулярлар, оларды ресімдеген ішкі істер органдарының картотекаларына орналастырылады.

      Күдікті, айыпталушы адам қамаудан босатылған немесе күдіктіге, айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау тоқтаған жағдайда, құжат иесіне қол қоюмен қайтарылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Шетелдік азаматты ұстаған немесе күзетпен ұстаған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы бұл туралы біруақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне ұсталған адамның жеке басын куәландыратын құжаты бар немесе жоғын көрсете отырып, шұғыл түрде хабарлайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 14.02.2020 № 120 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      9. Құжаттандыру бойынша шығыстар (фотосуретке түсіру, мемлекеттік баж салығын төлеу) күдіктінің, айыпталушының есебінен жүргізіледі. Күдікті, айыпталушы мүлікті жағынан дәрменсіз болған жағдайда құжаттандыру бойынша шығыстарды олар отырған мемлекеттік мекеме не күзетпен ұсталмаған күдікті мен айыпталушы үшін - қылмыстық қудалау органдары тиісті бюджеттер есебінен жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі құжаттандыруды жүзеге асыратын ішкі істер органының уәкілетті қызметкеріне құжаттар әзірлеу үшін мемлекеттік баж төлеу туралы түбіртекті және фотосуреттерді ұсынады.

      Айыпталушы адамдарды құжаттандыруға жұмсалған қаржыларды мемлекетке қайтаруды қылмыстық қудалау органдары қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында осы адамдарға талап-арыз беру арқылы қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады