2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 117 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 3909 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің аппараты басшысының 31.12.2014 № 05-3046 хаты).
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімді өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарулы күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азамттарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Мәртөк аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.
      4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
      5. «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Утарбаев) шақыру қорытындысы туралы 2014 жылдың 5 шілдесінде және 2015 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Күзембаеваға және «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Утарбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі М. Елеусізов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады