Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 мамырдағы № 168 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 маусымда № 3923 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 283 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 15.02.2016 № 283 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек Кодексінің 238 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      И.Қарабасова С.Салықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады