Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 156 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда № 3897 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 277 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Өрт немесе табиғи зілзаланың кесірінен болған өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмектің шекті мөлшері қосымшаға, сәйкес бекітілсін.
      2. Ай сайын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін;
      2) "Ойыл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 06.08.2015 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: Б.Х. Нұргазин
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Б.Т. Бисекенов

  Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 156 шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      Өрт немесе табиғи зілзаланың салдарынан болған өмірлік қиын жағдайлар туындағанда немесе залал келтірілгендерге әлеуметтік көмек келесі санаттағы адамдарға көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне шекті деңгейінде 150,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға шекті деңгейінде 100,0 мың теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдардан басқа санаттарына шекті деңгейінде 80,0 мың теңге;
      зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға шекті деңгейінде 50,0 мың теңге;
      көп балалы отбасыларға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      аз қамтылған адамдарға шекті деңгейінде 60,0 мың теңге;
      онкологиялық аурулары бар, ҚТВ инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға шекті деңгейінде 80,0 мың теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады