2014 жылға Ойыл ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 167 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда № 3898 болып тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды (Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 19 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 03.02.2015 № 19 хаты).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шідедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2014 жылға Ойыл ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсауық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие болып ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгзіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:

Аудандық мәслихаттың хатшысы:

      Б. Нұрғазин

Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады