Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" N 396 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қаңтардағы N 1 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 13 ақпанда N 2572 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 02 маусымдағы N 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 02.06.2014 N 196 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы" N 396 қаулысына (Алматы облысы әділет департаментінде 2013 жылдың 18 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2282 тіркелген, 2013 жылдың 5 наурыздағы N 28 "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      преамбуладағы "Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабындағы 4-тармаққа" деген сөздері "Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабына" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде:
      1 тармағындағы "және өнеркәсіп" сөзідері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi                                А. Мұсаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады