Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 қыркүйекте № 9768 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1133 болып жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулыққа:

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастырылу жолымен құрылатын тіркеуді қоспағанда, Заңның 6-1-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға осы Нұсқаулыққа 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Хабарлама "электрондық үкімет" веб-порталында толтырылатын электрондық құжатты толтыру арқылы берілген кезде тіркеу алымын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртектің немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық үкімет" веб-порталға жүгінген жағдайда хабарламаға көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Веб-порталға жүгінген жағдайда өтініш берушінің "жеке кабинетінен" заңды тұлғаны хабарлама тәртібінде тіркеу фактісі заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамамен расталады, ол өтініш берушіге (өтініш берушілерге) электрондық форматта жеке кабинетке ("электрондық үкімет" порталында) жіберіледі.

      Тіркеуші органға жүгінген жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады