Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы Есеболатов ауылдық округі әкімінің 20.11.2014 № 2-Ш шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2014 жылғы 03 маусымдағы № 108 ұсынысы негізінде, Есеболатов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Есеболатов ауылдық округінің Есеболатов ауылында, ұсақ мүйізді малдар арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Ж. Төлепбергенов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
ауылшаруашылығы министірлігінің | |
ветеринарлық бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ақсу аудандық аумақтық | |
инспекциясы мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы" | Келгенбаев Мұрат Дауылбайұлы |
"19" маусым 2014 ж | |
"Ақсу аудандық тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау басқармасының | |
басшысы" | Темәрханов Берік Елемесұлы |
"19" маусым 2014 ж