Қарасай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы № 36-6 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 18 желтоқсанда № 2962 болып тіркелді. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 5-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 20.05.2016 № 5-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
      өтінішті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;
      алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманы;
      банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді.
      5) алғаш тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындары өтiнiш берген күннен бастап төленеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс 36-шы сессиясының төрағасы Е. Шұқанов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады