Райымбек ауылдық округінің Райымбек, Абай, Қырғауылды, Долан, Құмтоған, Бұлақты ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 11-119 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 02 желтоқсанда № 2939 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Райымбек ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Райымбек ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек ауылдық округінің Райымбек ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Райымбек ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Аламан", екінші көшеге "Еламан", үшінші көшеге "Елшібек", төртінші көшеге "Жаркент", бесінші көшеге "Сұңқар", алтыншы көшеге "Аққайнар", жетінші көшеге "Арман", сегізінші көшеге "Батыр Баян", тоғызыншы көшеге "Болашақ", оныншы көшеге "Бұлақты", он бірінші көшеге "Тамаша", он екінші көшеге "Шабыт", он үшінші көшеге "Шаңырақ", он төртінші көшеге "Алма", он бесінші көшеге "Барлық", он алтыншы көшеге "Гүлдер", он жетінші көшеге "Елтай", он сегізінші көшеге "Көкжазық", он тоғызыншы көшеге "Көлбастау", жиырмасыншы көшеге "Көлді";
      2) Райымбек ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Ақжазық", екінші көшеге "Бәйшешек", үшінші көшеге "Керуен", төртінші көшеге "Қайынды", бесінші көшеге "Барқыт бел", алтыншы көшеге "Қарабөгет", жетінші көшеге "Үлгілі";
      3) Райымбек ауылының солтүстік – шығысында орналасқан бірінші көшеге "Тобыл";
      4) Райымбек ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Саялы".
      2. Райымбек ауылдық округінің Абай ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Абай ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Көкжиек", екінші көшеге "Бестерек", үшінші көшеге "Ғарыш", төртінші көшеге "Жеңіс", бесінші көшеге "Жібек жолы", алтыншы көшеге "Шиелі", жетінші көшеге "Қоңыртөбе", сегізінші көшеге "Құрамыс", тоғызыншы көшеге "Құрылыс", оныншы көшеге "Мәдениет", он бірінші көшеге "Сарқырама", он екінші көшеге "Торайғыр".
      3. Райымбек ауылдық округінің Қырғауылды ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Қырғауылды ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Белбұлақ", екінші көшеге "Гүлдала", үшінші көшеге "Көктерек", төртінші көшеге "Қаратөбе";
      2) Қырғауылды ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Алматы", екінші көшеге "Ақтерек", үшінші көшеге "Ақши", төртінші көшеге "Алтай", бесінші көшеге "Шиен", алтыншы көшеге "Арасан", жетінші көшеге "Арна", сегізінші көшеге "Арай", тоғызыншы көшеге "Бурабай", оныншы көшеге "Таң нұры", он бірінші көшеге "Егемен", он екінші көшеге "Еңбекші", он үшінші көшеге "Жазық", он төртінші көшеге "Жарық", он бесінші көшеге "Жасұлан", он алтыншы көшеге "Жерұйық", он жетінші көшеге "Қаратал", он сегізінші көшеге "Қыран", он тоғызыншы көшеге "Мереке", жиырмасыншы көшеге "Өркен", жиырма бірінші көшеге "Шалқар", жиырма екінші көшеге "Шымбұлақ";
      3) Қырғауылды ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Гаухартас", екінші көшеге "Керуенсаз", үшінші көшеге "Таугүл";
      4) Қырғауылды ауылының солтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Ардагер", екінші көшеге "Баянауыл", үшінші көшеге "Атамекен", төртінші көшеге "Жағалау", бесінші көшеге "Қостөбе".
      4. Райымбек ауылдық округінің Долан ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Долан ауылының оңтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Күнбатыс", екінші көшеге "Арқарлы", үшінші көшеге "Балдәурен", төртінші көшеге "Теректі";
      2) Долан ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Айдын", екінші көшеге "Қарой".
      5. Райымбек ауылдық округінің Құмтоған ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Құмтоған ауылының оңтүстік-батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге "Аққайың", екінші көшеге "Жайлау".
      6. Райымбек ауылдық округінің Бұлақты ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Бұлақты ауылының батысында орналасқан бірінші көшеге "Ақжар", екінші көшеге "Жоталы", үшінші көшеге "Сұлусай", төртінші көшеге "Ханшатыр", бесінші көшеге "Шұғыла";
      2) Бұлақты ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Көкжар", екінші көшеге "Нұрлы", үшінші көшеге "Өрікті", төртінші көшеге "Тереңсай", бесінші көшеге "Түрген".
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       А. Әуесбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады