Көксу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 172 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 27 маусымда № 2763 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 24.01.2017 № 23 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Көксу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Исабеков

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "22" мамырдағы "Көксу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата–ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы". № 172 қаулысына қосымша

Көксу ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Елді мекеннің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге)
Көксу ауданы
Бала бақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатың шағын орталықтар
Бала бақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатың шағын орталықтар
 
50-240
25-50
13732-20097
10510-11140

      
      кестенің жалғасы

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (тенге)
Бала бақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатың шағын орталықтар
Бала бақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатың шағын орталықтар
7000-7000
4500-6000
10366-13549
7505-8570

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады