Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Тоқпейісов |
Көксу ауданының 2014 жылғы "13" қараша № 376 "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына қосымша |
"Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі
туралы ЕРЕЖЕ
1. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Көксу ауданының ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, № 40.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
14. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Көксу ауданында ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру
15. Міндеттері:
1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
3) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу;
4) үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік;
5) үкіметтік емес ұйымдарды қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу үшін тарту;
6) саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің қаулы, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) саяси және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу;
3) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, діни бірлестіктермен, кәсіподақтармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
4) әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;
6) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша аудан аумағында акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
7) қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеалогиялық қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
9) мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану тәжірибесін талдау, ақпараттарды өңдеу мен жинауды қамтамасыз ету, осы саладағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
10) "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа да мекемелермен қызметтік хат-хабарлар алмасуды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұратуға, "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауда қатысуға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген баска да құқықтарды жүзеге асыруға.
3. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру
18. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және босатады.
20. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
21. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Көксу ауданның ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және жүзеге асырылуына тікелей жауапты болады;
2) "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шегінде "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкіне иелік етеді;
4) шарттар жасайды;
5) сенімхаттар береді;
6) банк мекемелерінде шоттар ашу;
7) "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) барлық ұйымдарда "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіреді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа алады, босатады, сондай-ақ "Көксу ауданы ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза белгілейді;
10) "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілеу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
мүлкі
23. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
"Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне таратылған жағдайда, оның мүлкі құрылтайшыға қайтарылады.
24. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар, аумақтық органдар мен мемлекеттік мекемелер жоқ.