"Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 429 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 04 ақпанда № 3020 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 30.06.2016 № 223 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мәлік Аманбайұлы Бейсеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісов

  Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "26" желтоқсандағы № 429 "Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген қосымша

"Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041200, Қазақстан Республикасы, Көксу ауданы, Балпық ауылы, Мырзабеков көшесі, № 38.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көксу ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы: аудан аумағында сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, ауданның елді мекендерін тұрақты дамыту;

      2) аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) қала құрылысын жоспарлау қызметінде аумақтар мен елді мекендерді дамытуды жүзеге асыру;

      16. Функциялары:

      1) заңнамамен белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

      2) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      3) нобай және жұмыс жобаларын объектілер (кешендер) құрылыс объектілерiн қайта жаңарту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін келiсу;

      4) аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      5) аумақтың инженерлік дайындығы, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді іске асыру;

      6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорлар базасына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар ұсыну;

      7) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

      8) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен және мерзімде құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды, оларды меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалардан алуға;

      2) белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      3) өз бетінше құрылыс жүргізген, сәулет, қала құрылыс тәртібін, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңын бұзған кінәлі тұлғаларды белгіленген тәртіппен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе айыппұл санкцияларын салу туралы тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;

      4) мақсаттарды жүзеге асыру үшін қаражаттарды пайдалануға;

      5) аудан аумағының тұрғын-үй қорының техникалық жағдайын және абаттандыру, сәулеттік безендіру жұмыстарын қадағалауды жүзеге асыру;

      6) белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      7) өз құзыреті шегінде соттарда және мемлекеттік биліктің өзге де органдарда Бөлімнің мүддесін қорғауға;

      8) аудан аумағында сәулет, қала құрылысы қызметінің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін қадағалау.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      2) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) барлық органдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

      4) өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;

      5) келісім-шарттар жасайды, сенімхаттар береді;

      6) банктерде есепшоттар ашадыжәне келісімдер жасайды;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

      8) қызметкерге марапаттау шараларын қолданады және тәртіптік жаза шараларын салады;

      9) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      10) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапкершілікте болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Бөлім басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады