Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 531 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10000 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 5 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2021 жылғы 19 тамыздағы № 722 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.08.2021 № 5 және ҚР Әділет министрінің м.а. 19.08.2021 № 722 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
________________ Б.Имашев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы № 531
және Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 28.09.2020 № 928 және ҚР Әділет министрінің 29.09.2020 № 427 бірлескен (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 11-бабының 3-2-тармағына және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нотариустар (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

      3. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы Занда және 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарында қолданылады.

      4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) – Субъектілерді КЖ/ТҚ заңдастыру процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке әдейі немесе әдейі емес тарту мүмкіндігі;

      2) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ оларды азайту мониторингі бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      3) ҚМ-1 нысаны – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін, Субъектілердің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларымен айқындалатын нысан;

      4) уәкiлеттi орган – КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.

      5. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің КЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін азайту мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлғалар болып табылады.

      7. ІБҚ бұл КЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің КЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      8. ІБҚ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды Субъектілер талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және Субъектілердің ішкі құжаты не мұндай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      9. КЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер 30 күнтізбелік күн ішінде ІБҚ-ға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

2-тарау. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      10. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде Субъектілердің функцияларын сипаттауды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру;

      2) клиенттерге іскерлік қатынастар орнатудан және іскерлік қатынастарды тоқтатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қолдану;

      3) клиенттің күдікті ретінде КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операциясын тануы;

      4) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, клиентке іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелердегі және бағдарламалық қамтамасыз етудегі жұмыс нұсқаулары мен регламенттерін қоса алғанда, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту фактілерін уәкілетті органға ұсыну;

      5) клиенттің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін тіркеу және сақтау;

      Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға жіберілетін операцияларды құжаттамалық тіркеу Субъектілер белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

      6) Субъектілердің зерделенуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияны күдікті операция ретінде тануы.

      7) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау, анықтау, құжаттық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту;

      8) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару және КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау тәуекелдерін азайту бойынша бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеу;

      9) тәуекел дәрежесін ескере отырып өз клиенттерін жіктеу, КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау.

      Субъектінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі қосымша шаралар бағдарламасына енгізуіне жол беріледі.

      11. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары:

      1) ІБҚ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, енгізу;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың берілуін ұйымдастыру және бақылау;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті деп тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиенттердің операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға, КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиенттердің операцияларын жүргізуді тоқтата тұру не одан бас тарту туралы және уәкілетті органға жіберу қажеттігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) уәкілетті органның күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерін орындау;

      7) клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      8) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің операциясына қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;

      9) ІБҚ іске асыру нәтижесінде алынған деректер негізінде клиенттің досьесін қалыптастыру;

      10) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылдау;

      11) клиенттің досьесін және онымен хат алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

      12) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

      12. Жүктелген функцияларға сәйкес Субъектілер:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      2) уәкілетті органға оның сұратуы бойынша КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      Субъектілерге қосымша функциялар мен өкілеттіктер енгізуге жол беріледі.

      Субъектілер мен олардың жұмыскерлері клиенттерді және өзге де тұлғаларды уәкілетті органға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынғаны туралы хабардар етпейді.

3-тарау. Технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      13. КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында Субъектілер технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Субъектілер жыл сайынғы негізде Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерінің есебінен ақпаратты және кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типі бойынша тәуекел, елдік (географиялық) тәуекел, қызметтер және (немесе) оны ұсыну тәсілі бойынша тәуекел.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері уәкiлеттi органның және реттеуші органның талап етуі бойынша беріледі.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлері:

      1) клиент болып табылған жағдайда:

      шетелдік жария лауазымды тұлға;

      шетелдік жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға;

      шетелдік жария лауазымды тұлғаның жұбайы, жақын туысы болып табылатын тұлға;

      азаматтығы жоқ тұлға;

      Қазақстан Республикасында тіркелген немесе тұрған мекенжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматы;

      резидент емес;

      коммерциялық емес ұйым;

      2) клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің контрагенті болған жағдайда:

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 тіркелген "Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығымен (бұдан әрі –Бұйрық) бекітілген Салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесіне кіретін мемлекетте (аумақта) тіркелген операциялар немесе қызметін жүзеге асырады;

      террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне (бұдан әрі – Тізім) және (немесе) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12 және 12-1-баптарында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбелер) енгізілген;

      3) клиент (оның өкілі) бенефициарлық меншік иесі:

      нотариаттық іс-әрекеттерді тездетуді талап етеді;

      пайдалану субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен ерекшеленетін стандартты емес немесе ерекше күрделі есептеу схемаларына талап етеді;

      қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасайды;

      операциялар бойынша бұрын күдікті деп танылған;

      4) бұл жағдайда:

      мемлекеттік тіркеу кезінде мәлімделген клиенттің орналасқан жері оның басқару органдарының нақты қызмет орнымен сәйкес келмейді;

      клиентпен іскерлік қарым-қатынас ерекше жағдайларда жүзеге асырылады (мысалы, Субъект пен клиент арасындағы тым үлкен түсініксіз географиялық қашықтық);

      клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты;

      Субъектілерде клиент ұсынған мәліметтер кезінде қиындықтар туындайды;

      5) мемлекеттерден (аумақтардан) клиенттермен іскерлік қатынастар және мәмілелер):

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындамайтындар;

      сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыстық іс-әрекет деңгейі жоғары;

      қолданатын санкцияларға, эмбарго және Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) қолданатын ұқсас шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) қызметті қаржыландыруды немесе қолдауды ұсынатын және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар ұйымдар болып табылады.

      БҰҰ деректері бойынша осындай мемлекеттердің (аумақтардың) және халықаралық ұйымдардың тізбелеріне сілтемелер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

      6) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар:

      тараптардың жеке қатысуынсыз жүзеге асырылатын;

      белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғалардың атынан немесе пайдасына жасалатын;

      қолма-қол есеп айырысуларды қоса алғанда, анонимдік банктік шоттармен немесе анонимдік, ойдан шығарылған есімдерді пайдаланумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні немесе көрінетін құқықтық мақсаты жоқ;

      клиент оған тән емес жиілікпен немесе осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жасайтын.

      Субъектілердің тәуекелдің қосымша факторларын қосуына жол беріледі.

      15. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде Субъектілер осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген тәуекел санаттары мен факторларын, сондай-ақ Субъектілер белгілейтін тәуекелдердің өзге де санаттарын ескере отырып, клиенттерді жіктеу бойынша шаралар қабылдайды.

      Клиент тәуекелінің деңгейін Субъектіде бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтер мен ақпаратты талдау нәтижелері бойынша Субъектілер белгілейді және кем дегенде екі деңгейден тұратын тәуекелдің деңгейін анықтау шкаласы бойынша бағаланады.

      Осы Талаптардың 14-тармағында көрсетілген тәуекелдер санаттары мен факторларын пайдалана отырып тәуекелді бағалау операциялар (Іскерлік қатынастар) мониторингі нәтижелерінің негізінде клиенттерге қатысты жүргізіледі.

      Клиент тәуекелінің деңгейін қайта қарауды Субъектілер клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операциялар (Іскерлік қатынастар) мониторингінің нәтижелеріне қарай жүзеге асырады.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      16. Клиентті сәйкестендіру бағдарламасы Субъектілердің клиент жасаған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиенттер (оның өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы бұрын алынған мәліметтерді анықтау, жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады және қамтиды:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесінің Тізімде және Тізбеде болуын тексеру;

      4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттің шетелдік жария лауазымды адамға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстары қатарына жататындығын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

      5) тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткіліксіз орындайтын не КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдаланатын мемлекетте (аумақта);

      Бұйрықпен бекітілген салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте;

      6) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын белгілеу;

      7) берілген тәуекел деңгейіне байланысты клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес Клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды қолдану;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне қарай клиенттерді сәйкестендіру нәтижесінде алынған мәліметтерді, бірақ жылына кемінде бір рет жаңартуға;;

      9) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру нәтижесінде алынған мәліметтерді тіркеу мақсатында Субъект ресімдейтін клиенттің сауалнамасының (досьесінің) нысанына, мазмұнына және толтыру тәртібіне қойылатын талаптар, сауалнаманы (досьені) ресімдеудің бастапқы күнін көрсете отырып);

      10) мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсете отырып, сауалнамада (дерекнамада) қамтылған мәліметтерді жаңарту тәртібі;

      11) КЖ/ТҚ заңдастыру мақсатында клиенттің операциялар жасау тәуекелінің дәрежесін (деңгейін) бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері;

      12) клиенттен сұратылатын құжаттар мен ақпарат тізбесін, Субъектілердің жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тану туралы шешім қабылдау тәртібін қоса алғанда, клиенттің бенефициарлық меншік иесін Субъектілердің анықтауға және сәйкестендіруге бағытталған шаралар (рәсімдер) тізбесі.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты Субъект жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған не күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.

      КЖ/ТҚ жария ету тәуекелінің деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Жаңарту мерзімділігі және (немесе) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтер алу қажеттілігі клиенттің (клиенттер тобының) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгіленеді.

      Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартқан жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау үшін Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша мұндай бас тарту фактісі туралы хабарлама жібереді.

      КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды КЖ/ТҚ мақсатында пайдаланатыны туралы күдік туындаған жағдайда Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда аталған негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

5-тарау. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасы

      17. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарын іске асыру мақсатында Субъектілер клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      18. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерттеу бағдарламасы кіреді, бірақ шектелмейді:

      1) ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін күдікті операцияларды айқындау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ Субъектілер дербес әзірлеген ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, әдістеріне, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар клиенттің операциясын анықтау рәсімі;

      3) Клиент жүйелі түрде және (немесе) елеулі көлемде әдеттен тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүзеге асырған жағдайда, клиентке және оның операцияларына қатысты Субъектілер қабылдайтын шараларды қабылдау тәртібі және сипаттамасы.

      19. Клиенттер операцияларын мониторингілеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде Субъектілер КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар барлық шекті, ерекше, күдікті операциялар мен операциялардың мақсаттары мен негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шараларды жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және зерттеу нәтижелері Субъектілер қызметтерінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланылады.

      Клиент операцияларының мониторингі және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі бойы Субъектілерде операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақталады.

      20. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін Субъектілер клиенттің тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын Субъектілер қызметінің КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдеріне, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операцияларды (операцияларды) жасауына (жасауға талпынуына), сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 5- тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін немесе Субъектілер дербес әзірлеген КЖ/ТҚ заңдастыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда Субъектілер белгілі бір уақыт кезеңінде клиент жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      Клиенттің операциялары зерделенуге жатады:

      КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша;

      егер олар күдікті операция белгілерінің сипаттамасына ие болса.

      21. Клиенттің операциялары, егер осы Талаптардың 20-тармағында көрсетілген операцияларды зерделеу нәтижелері бойынша Субъектілерде клиенттің операциялары КЖ/ТҚ заңдастырумен байланысты деп пайымдауға негіз болған жағдайда күдікті деп танылады.

      Субъектілер клиенттің операциясын күдікті операция ретінде тану (танымау) туралы шешімді клиенттің (оның өкілінің) және операцияны жүзеге асыратын бенефициарлық меншік иесінің мәртебесі мен қызметін сипаттайтын, оның иелігіндегі ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ клиенттің қаржылық-шаруашылық қызметі, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі туралы ақпарат негізінде дербес қабылдайды.

      Операцияны жасау уақыты мен осындай операцияны күдікті деп тану уақыты арасындағы айырмашылық Субъектілердің ІБҚ-ға сәйкес клиенттің операциясын зерделеу жиілігін айқындайтын уақыт аралығынан аспауы тиіс.

6-тарау. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және оқыту бағдарламасы

      22. Қаржы мониторингі субъектілерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Субъектілердің қызметкерлерін даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады