"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 580 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10002 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектлерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Білім және ғылым саласындағы әдіснамалықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық имидждік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн сатып алу және салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Іссапар шығыстары», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде талап етілмейді. Азаматтық-құқықтық мәмiле жасамай 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi жүргiзу растау құжаттарының қосымшасын қоса бермей төлем шотының негізінде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады