Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қаңтарда № 10101 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынандай өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
      1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 нөмірімен тіркелген):
      көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының 1 «Салықтық түсірімдер» санаттарын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.»;
      2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 нөмірімен тіркелген):
      көрсетілген бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінің 1 «Салықтық түсірімдер» санатын қоспағанда, оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                             Б.Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады