Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10093 тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының  46-10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРAМЫН:
      1.  Қосымшаға сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Aуыл шаруашылығы министрлігінің жетекші Вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
A. Мамытбеков
     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
     12 желтоқсан 2014 жылы

Қазақстан Республикасы
Aуыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-1/623 бұйрығына
қосымша          
Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік
нормативі
      1. Республикалық деңгейде:
      1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 11 бабының 1 тармағының  1) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, сонымен қатар оның облыстарда құрылатын филиалдары;
      2) Заңның 11 бабының 1 тармағының  2) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның облыста, ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылатын филиалдары.
     Екі және одан да көп әкімшілік-территориялық бірлік (аудан) бір әкімшілік-территориялық бірлікке (аудан) біріккенде, қосылғанда республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалының аудандық бөлімшесіне қосымша ветеринариялық зертхана құрылады;
3) Заңның 11 бабының 1 тармағының  3) тармақшасында көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, сонымен қатар оның республикалық маңызы бар қалада құрылатын филиалы құрылады.
      2. Aстанада, республикалық маңызы бар қалада және әрбір облыстық маңызы бар қалада - жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым құрылады.
      3. Aуданда облыстың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте ветеринариялық пункті бар мемлекеттік ветеринариялық ұйымды құрады.
       Ескерту.  3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Aуыл шаруашылығы министрінің 09.03.2021 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады