"Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 90 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде № 2196 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 311 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.12.2017 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.

      2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н. Есқалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы "27" наурыздағы
"Коммуналдық мемлекеттік мекеменің
Ережесін бекіту туралы"
№ 90 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже

      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жастар саясатын іске асыру саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080008, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы:

      1) облыс аумағында мемлекеттік жастар саясаты саласында мемлекеттік басқару функцияларын іске асыру болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1. мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      2. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      3. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында сектораралық өзара қатынасты (мемлекеттік құрылымдармен, азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдастық өкілдерімен) нығайту;

      4. өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      5. жастардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту процесін қамтамасыз ету;

      6. жастардың азаматтық және патриоттық тәрбиеленуіне жәрдемдесу;

      7. жоғары зияткер, білімді, шығармашыл, рухани, адамгершілік және физикалық сау–бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

      16. Функциясы:

      1) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыс әкімінің тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды, құжаттарды іске асырады және сақталуын бақылайды;

      2) облыс аумағында қолданыстағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітуге ұсынады;

      3) жастар саясаты саласындағы бюджеттік бағдарламаларға және мемлекеттік сатып алуларға әкімшілік етеді;

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастырады және іске асырады;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен, зерттеу институттарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылды іске асырады;

      6) облыс әкімдігінің жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органның қызметін үйлестіреді, ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етеді;

      7) жастар ресурстық орталықтарының қызметін үйлестіреді;

      8) мүдделі мемлекеттік органдарға өңірдегі жастар саясатының ахуалы туралы есептерді береді;

      9) өкілеттігіне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері енетін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жас азаматтардың құқығын сақтауда ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмектерді көрсетеді;

      10) облыс аумағында орналасқан орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарына өскелең ұрпаққа азаматтық – құқықтық, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдардан және азаматтардан өзінің қызметін атқару үшін ақпарат алуға, өкілеттігіне енетін мәселелерді қарастыруға мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар қызметкерлерін тартуға, сәйкесінше ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      2) жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды іске асыру бойынша облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      3) өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласына қатысты басқа бөлімшелердің және әкім аппараты қызметтерінің әзірлеген жобалар мен бағдарламаларына әлеуметтік сараптама жүргізуге;

      4) орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік жастар саясатындағы міндеттерді іске асырудың тиімділігін анықтауға мониторинг және бақылау жүргізуді тұрақты негізде жүзеге асыруға;

      5) қала және аудан әкімдіктерінің жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші органдар қызметін іске асырудың тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізуге;

      6) жастар арасындағы жағдайды және туындаған проблемаларды реттеу бойынша ағымдағы мәліметті әкімнің қарауына енгізеді;

      7) Басқарма жанынан мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен айналысатын коммерциялық емес ұйымдарды (жастарға қызмет көрсету орталықтары, ресурстық орталықтар) құруға, коммерциялық емес ұйымның жарғысын, жылдық қаржы есептілігін, қаржыландыру жоспарын бекіту.

      Міндеттері:

      1) жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша әкімге ұсыныстар енгізеді, басқарманың құзырына қатысты ақпараттық-талдамалық және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

      2) Басқарманың құзырына кіретін мемлекеттік лауазымды тұлғаларға, адам құқығын қорғау және одан да басқа жастар саясаты саласына кіретін мәселелер бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді;

      3) стратегиялық, операциялық жоспарлардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес қызметті жүзеге асырады;

      4) өз қызметін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын жастар саясаты саласындағы уәкілетті органның келісімімен облыс әкімі тағайындайды және босатады;

      20. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ осы Ережемен Басқармаға ұсынылған өкілеттігі шегінде сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді;

      3) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды мадақтайды;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды, тапсырма береді, қызметтік жазбаларға қол қояды;

      6) Басқарма атынан мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ сот органдарында сенімхатсыз өкілдік етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

      21. Басқарма басшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Басқармада заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

      1. "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады