Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы әкімдігінің 13.05.2019 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 172 қаулысымен бекітілген |
"Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері баскармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы:
діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
1) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) өңірде құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеу және талдау жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізу;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
4) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарау;
5) жергілікті деңгейде өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
6) өңірдегі діни саласындағы ақпараттық-насихаттық топтардың қызметін ұйымдастыру;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру жұмыстарын ұйымдастыру;
8) Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру жұмыстарын ұйымдастыру;
9) Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
10) жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері
11) (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді сәулет және қалақұрылысы басқармасымен қабылдау барысында келісім беру;
12) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;
13) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
17. Кұқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
- дiни бiрлестiктердi құру және олардың қызметi, сондай-ақ азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзуге;
- өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасауға;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;
- арнайы баспа өнімдерін, ақпараттық материалдарын шығаруға;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Міндеттері:
- басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің жанында әрекет ететін консультативті-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметтерін қамтамасыз ету;
- өңірдегі дін саласындағы ақпараттық-насихаттық топтардың қызметтерін ұйымдастыру;
- дін саласындағы мемелекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысын Жамбыл облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
- Басқарма қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
- Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
- белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
- белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
- Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттардың әзірлеу барысын бақылайды;
- Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;
- белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтерінің мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
- Басқарманың қызметіндегі қаржылық және келісім-шарттық тәртіптің заңдылығының сақталуын қамтамасыз етеді;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
- Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау бойынша дербес жауапты болады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бiрiншi басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.
24. Басқарма бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.