РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2153 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында № 65-67 (17922-17924) "Ақ жол" және № 48 (17921) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16 тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметін үйлестіру.";
"Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9, 10, 11 жолдармен толықтырылсын:
"8. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
9. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы №1 Жүйке аурулар интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |