"Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 356 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 ақпанда № 2500 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.08.2016 № 266 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2153 болып тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырында № 65-67 (17922-17924) "Ақ жол" және № 48 (17921) "Знамя труда" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
       16 тармақ мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
      "28) қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметін үйлестіру.";
      "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
       мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9, 10, 11 жолдармен толықтырылсын:
      "8. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы №1 Жүйке аурулар интернат үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады